Мазмұнға өту
· 3 қаралым

АҚШ-тан көңілі қалды

Жан-жағына қырғидай тиген Дональд Трамптан халықаралық қауымдастықтың көңілі қалды. Еуропаның орталық банктері Америкада сақтаулы тұрған алтын қорларын әкете бастады. Бағалы металдың жаппай көші жуырда басталған. Алғашқылардың бірі болып АҚШ-тағы байлығын Франция билігі біртіндеп көшіріп алған. Эммануэль Макронның ізімен Германия мен Нидерланды корольдігі де Америкадағы қоймаларды босатуды көздеп отыр. Сарапшылардың пікірінше, бұл үрдіс әлемдік қаржы жүйесінің өзгеріп, долларға деген сенімнің әлсірей бастағанын көрсетеді. Сондай-ақ Еуроодақ үшін АҚШ-та бұғатталған ресейлік активтердің жағдайы да сабақ болған.

Қайыркен Отыншы

← Барлық жаңалықтар