Мазмұнға өту
· 1 қаралым

Ақтөбеде жоғалған баланың мәйіті табылды

Ақтөбе облысында достарымен өзен жағасына ойнауға барып, жоғалып кеткен 10 жасар баланың мәйіті табылды. Сүңгуірлер оны Мәртөк ауданының Сарыжар ауылынан 14 шақырым жерден, 1,5 метр тереңдіктен алып шықты. Естеріңізге салсақ, Мансұрды іздеу жұмыстары 29 наурызда басталған еді. Оған құтқарушылар мен полицейлер, сүңгуірлер, еріктілер, ауыл тұрғындары мен әскерилер жұмылдырылды.

САМАЛ НҰРАЛИНА, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Бүгін Мәртөк ауданында ТЖМ сүңгуірлері 2016 жылы туған жоғалған баланың денесін тапты. Дене Елек өзенінен жағадан шамамен 3 метр қашықтықта, 1,5 метр тереңдікте анықталды. Іздестіру жұмыстары өзеннің табиғи ерекшеліктеріне байланысты күрделі болды: иірімді арна, қатты ағыс, қалың өсімдік жамылғысы, сондай-ақ лайлы әрі көріну деңгейі төмен су. ТЖМ су айдындары маңында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді.

Ақбаян Сұлтанмұратова

← Барлық жаңалықтар