Мазмұнға өту
· 3 қаралым

Ел аумағынан жанармай шығаруға тыйым салынады

Әлемдегі энергетикалық тапшылыққа қарап, қарап қам жасамаса болмайды. Елімізде бензин мен дизельді отынды шетке шығаруға тағы жарты жылға тыйым салынды. Себебі, ішкі нарықта мұнай өнімдеріне сұраныс жоғары. Алдымен өзімізді жарылқап алуымыз қажет. Бұл шектеулерді Энергетика министрлігі енгізді. Құжатқа сәйкес, 21 мамырдан 21 қарашаға дейін көлікпен жанармайды шетке тасымалдауға болмайды. Сондай-ақ, 1 шілдеден бастап Еуразиялық Одақ елдерінің аумағына да мұнай өнімдерін шығаруға шектеу қойылады. Ерекше бақылауға алынған жағармайдың қатарында авиаотын, дизель бар. Сондай-ақ, асфальт құрылысына пайдаланатын мұнай битумын да шетке тасымалдауға шектеу қойылады. Осы арқылы ведомство еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздеп отыр. Айта кету керек, республикада мұндай ереже 2021 жылы енгізілген. Сол уақыттан бері шектеу мерзімі ұдайы ұзартылып келеді.

Қайыркен Отыншы
← Барлық жаңалықтар