Мазмұнға өту
· 3 қаралым

Ыбырай Алтынсариннің туғанына – 185 жыл

Биыл қазақтың аса көрнекті ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің туғанына – 185 жыл. Мерейтойды алғашқылардың бірі болып елордадағы ұлы ұстаздың есімімен аталатын №83 мектеп-гимназия ұжымы бастап кетті. Білім ордасында оның өмір жолынан сыр шертетін ғылыми-практикалық семинар өтті. Жиында еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған мұғалімдерге жазушы тағдырынан сыр шертетін театрландырылған қойылымдар қойылып, тарихи мұралары таныстырылды. Сондай-ақ шара барысында білікті педагогтер тәжірибе алмасып, білім беру саласындағы жаңа әдістемелерді ортаға салды.

ТҰРҒАНАЙ ОРАЗБАЕВА, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

Биылғы жыл — республикалық Ыбырай тойының бастауы ғана. Біз алғаш бастап отырмыз, Ыбырай атындағы мектеп болғандықтан. Бұл әлі ЮНЕСКО деңгейінде тойланады. Мұндағы мақсат — Ыбырай Алтынсариннің еңбегін насихаттау. Алғаш мектеп ашқан Ыбырай Алтынсарин болғандықтан, сол кісінің ісін жалғастыру мақсатында жаңалықтарға қадам басу.

Рамазан Палмағанбет

← Барлық жаңалықтар