Мазмұнға өту
· 7 қаралым

Баспана мен қамтитын тағы бір бағдарлама іске қосылды

Теміржолшылар үшін сүйінші жаңалық! Еліміздің бес өңірінде осы салада тер төгіп жүрген жандарға арналған баспана бағдарламасы іске қосылды. Жобаны «Қазақстан темір жолы» компаниясы мен «Отбасы банк» бірлесіп жүзеге асырып жатыр. Компанияның мәліметінше, жаңа үйлер маман тапшы және кадр тұрақсыз аймақтарда бой көтермек. Атап айтқанда, Астана, Қарағанды, Павлодар, Семей, Қостанай қалаларында салынады. Биыл бағдарламаның алғашқы кезеңі іске аспақ. Бұл – осы салаға мамандарды ынталандырудың әрі кәсіби дамуына жол ашудың тетігі, дейді компания өкілдері.

ЛӘЗЗАТ СТАМҒАЗИЕВА, «ҚТЖ» ҰК» АҚ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Ол кәдімгі өндірістік персонал мамандарына беріледі. Бұл дегеніміз — ҚТЖ-ның топ-менеджменті емес, теміржол бойында күндіз-түні, жыл он екі ай еңбек ететін, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген қызметкерлерге арналған. Қарапайым желіде жұмыс істейтін мамандар, мысалы, депо қызметкерлері және тағы басқалар.

Нұрай Құрақбай

← Барлық жаңалықтар