Мазмұнға өту
· 7 қаралым

Жылқылар қырылып жатыр

Маңғыстау облысында жүздеген жылқы қырылып қалды. Сайөтес және Ақшымырау ауылындағы әр шаңырақ кемінде 5–10 бас қылқұйрығынан айырылып отыр. Ен далада ұшты-күйлі жоғалған үйірлер де көп. Тұрғындардың айтуынша, өткен аптада нөсер жаңбыр жауып, қыруар малды су айдап әкеткен. Салдарынан жылқылар тебіндей алмай, лайға батып өлген. Алдын ала есеп бойынша шығын 100 бастан асып жығылады. Осы күрделі ахуалға байланысты облыс әкімдігі шұғыл штаб құрып, білек сыбана іске кіріскен. Түзге кеткен үйірлерді анықтау үшін дрондар іске қосылып, батпаққа батқан малды шығару мен суды соруға қосымша техникалар бөлінген.

Қуат Құдайберген

← Барлық жаңалықтар