Еліміздегі ең төменгі жалақының мөлшері қашан 150 мың теңгеге жетеді? Үкіметтегі брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі көптің көкейіндегі осы сауалға жауап берді. Асқарбек Ертаевтың айтуынша, бұл мәселені әлі де жақсылап талқылап, пысықтау керек. Қазіргі таңда Үкімет, Ұлттық банк пен қаржы реттеуші органдар бірлесіп, нақты жоспар әзірлеген. Алайда оның нақты қашан жүзеге асатыны беймәлім. Айта кетейін, қазір ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңге. Өткен аптада Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин оның көлемін 150 мыңға жеткізу жоспарланып отырғанын мәлімдеген еді.
АСҚАРБЕК ЕРТАЕВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:
Нақты жоспарды белгілеп қойдық. Оның өз мерзімдері бар, қазір талқылау кезеңі жүріп жатыр. Талқылау аяқталған соң ортақ шешімге келу қажет болады. Біздің есептеулер дайын, пысықтау барысында өз ұсыныстарымызды енгіземіз. Қазір уәкілетті органдар да өз ұсыныстарын беруі керек.
Нұрай Құрақпай