Мазмұнға өту
· 2 қаралым

Жол өткеліне бөлінген 2 млрд теңгені жымқырған

Жемқордың да жемқоры бар, «тәбеті» бір бөлек. Теріскейде араны ашылғандар бір өтпежол салу үшін бюджеттен бақандай 2 млрд теңгені жымқырған. Қаржы мониторинг агенттігінің мәліметінше, Петропавл әкімдігінің шенеуніктері осыдан үш жыл бұрын жергілікті мердігермен келісіп, жалпы құны 5,4 млрд теңге болатын құжат жасасқан. Бірақ шартты орындау барысында кәсіпкерлер өздеріне жүктелген жұмысты әбден кешіктірген. Кейін тергеу барысында қос тараптың сөз байласып, жалған акт толтырғаны анықталған. Осы келісімнің негізінде бюджет қаржысы заңсыз аударылып, мемлекетке 2 млрд теңгеден астам залал келтірілген.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Сот санкциясымен жалпы құны 270 млн теңгеден асатын 24 автокөлік пен арнайы техникаға тыйым салынды. Күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жалғасуда. ҚР ҚК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Нұрай Құрақпай

← Барлық жаңалықтар