Мазмұнға өту
· 3 қаралым

12 мыңнан астам адам жеңілдетілген талаппен баспаналы болады

Елімізде баспана кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтар үшін тұрғын үй мәселесін шешудің жаңа тетіктері іске қосылуда. Тұрғын үй реформасы аясында мемлекеттен берілетін жалдамалы пәтерлерді жекешелендіруге мүмкіндік туды. Сонымен қатар, биыл бірінші тоқсанның өзінде-ақ 800-ден астам мүгедектігі бар жан мен 850-ге жуық отбасы жалдамалы үймен қамтамасыз етілген. Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрінің айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады. Биыл 12 мың 700-ден аса мүмкіндігі шектеулі адам жеңілдетілген талаппен баспаналы болады.

ҚУАНДЫҚ ҚАЖКЕНОВ – ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Сонымен қатар, кезекте тұрған азаматтар «Отбасы банк» арқылы 2 және 5% жеңілдетілген ипотека ала алады. Өткен жылы осы бағдарлама арқылы 5 277 адам үй сатып алды. Оның ішінде 381 несие мүмкіндігі шектеулі адамдарға, ал 424 несие осындай бала тәрбиелеп отырған отбасыларға берілді. Осы жылы барлығы 12 736 жеңілдетілген несие беру жоспарланып отыр.

Үсен Астана

← Барлық жаңалықтар