Бас қалада азық-түлік бағасы қатаң бақылауға алынды. Астана әкімдігі әлеуметтік маңызы бар өнімдердің құнын қадағалауды күшейтті. Ол үшін арнайы мониторингтік топ құрылған. Олар осы уақытқа дейін ірі сауда орындарынан бастап базарларды аралап шыққан. Әсіресе делдалдардың жұмысына, бағаны қалай болса солай көтеретіндердің әрекетіне назар аударылған. Нәтижесінде саудагерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ет бағасына бақылау енгізілген. Әкімдік нарықтағы бағаның тұрақты болуы үшін мұндай тексерістерді жалғастыра бермек.
Маржан Нүсіпбек