Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясы кеңесінің отырысы өтті. Алқалы жиында сөз сөйлеген Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қатысушыларды ұйымның 20 жылдығымен құттықтап, ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің жұмысына ерекше тоқталды. Себебі аумалы-төкпелі уақытта парламенттік дипломатияның бірегей рөл атқаратынын жеткізді. Сондай-ақ әріптестерін Қазақстанның жаңа Конституциясымен таныстырды. Ата заңымыз күшіне енгеннен соң еліміз бір палаталы парламентке көшіп, вице-президент пен Халық кеңесі сияқты жаңа институттар құрылатынын атап көрсетті. Отырыста ОДКБ-ға мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамаларын үйлестіру және 2026–2030 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасы да талқыланды.
ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев президенттік қызметінің алғашқы күндерінен бастап маңызды саяси реформаларға бастамашы болды. Жаңа Конституция – соның нәтижесі. Мемлекет басшысының көздегені әділетті әрі прогрессивті Қазақстан құру екенін білеміз. Адам, оның құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің басты құндылығына айналды. Біз қос палаталы парламенттен бір палаталы парламентке өтеміз. Ол «Құрылтай» деген атауға ие болды. Заң шығарушы органда тек партиялық тізімдер арқылы қалыптастыру қағидатының маңызы ерекше.
Ғалымжан Кенжебек