Мазмұнға өту
· 14 қаралым

Шенеуніктің ұсталғаны расталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесовтің ұсталғанын растады. Бұл ақпарат өткен аптада желіде тарағанымен, құзырлы орган осы уақытқа дейін тіс жармаған еді. Тергеу амалдарына байланысты өзге мәлімет те құпия сақталып отыр. Яғни, шенеуніктің нақты қандай заңбұзушылыққа барғаны әзірге белгісіз. Белгілісі, оның қолына кісен өз кабинетінде салынған. Айта кетейін, Еркін Келесов бұл қызметке 2022 жылы келген.

Үсен Астана

← Барлық жаңалықтар