Мазмұнға өту
· 3 қаралым

Әскери курсанттар арасында математикадан халықаралық олимпиада басталды

Алматыда әскери курсанттар арасында математикадан 10-шы халықаралық олимпиада басталды. Оған ТМД елдерінің әскери жоғары оқу орындарынан келген командалар қатысуда. Ел намысын Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары қорғап жатыр. Шараның мақсаты – әскери кадрлардың даярлығын арттыру мен кәсіби біліктілікті дамыту. Бірнеше кезеңнен тұратын додада қатысушылар математикалық білімі мен талдау қабілетін көрсетеді. Бағдарламада спорттық жарыстар мен мәдени іс-шаралар да қарастырылған.

НҰРГҮЛ ИСМАҒҰЛОВА, РАДИОЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ӘСКЕРИ-ИНЖЕНЕРЛІК ИНСТИТУТЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Шетелдік қонақтар қазақ халқының тарихы мен мәдениетімен танысу мақсатында түрлі экскурсиялар ұйымдастырылады. Мұндай шараны өткізудің басты мақсаты – болашақ офицердің математика сынды күрделі ғылымға деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ мемлекетаралық достықты нығайтуға ықпал ету.

Рамазан Палмағамбет

← Барлық жаңалықтар