Мазмұнға өту
· 3 қаралым

LRT қашан іске қосылады?

Астанада LRT мамыр айында іске қосылып, жолаушыларға есігін айқара ашады. Шаһар басшысы Жеңіс Қасымбектің айтуынша, техникалық сынақ сәтті аяқталып, вагондар тұрақты кестеге көшкен. Бұл жерүсті көлігі автобустардан екі есе жылдам жүреді. Ал бірінің соңынан бірінің келу жиілігі үш минут.

Әкімдік мұнымен тоқтап қалмақ емес. Биыл іргедегі Қосшы қаласына қарай тағы бір тармағын тартпақ. Өйткені 120 мың тұрғыны бар серіктес қаланың тең жартысы күн сайын елордаға ағылады. Салдарынан күрежолда тәулігіне 22 мыңнан астам көлік кептеліс тудырып отыр.

Жоспар бойынша Қосшыға қарай салынатын LRT келесі жылдың соңында пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, болашақта жүрдек пойыздар Шыңғыс Айтматов көшесі мен ескі вокзал жаққа да қатынап, елорданың логистикалық тынысын ашпақ.

Үсен Астана

← Барлық жаңалықтар