Мазмұнға өту
· 3 қаралым

Алматылық жүргізушілерге 324 млн айыппұл салынды

Көлігіңді дұрыстап қоймасаң, ақшаңнан қағыласың. Алматыда жыл басынан бері жүргізушілерге 324 миллион теңге айыппұл салынған. Жол сақшылары темір тұлпарларды тұраққа қою қағидасын елемегендерді аямай жатыр.

Мәселен, кейбіреулер көлігін көгалға, жаяу жүргіншілер жолына, бордюрларға қойып кете береді. Өзін ғана ойлап, өзгелерге қолайсыздық жасаған 15 мың тізгіншінің қалтасы жұқарған. Тіпті ережені өрескел бұзғандардың көліктері арнайы тұраққа қойылған.

«Ретсіз қойылған машиналар жедел жәрдем мен өрт сөндірушілердің аулаға кіруіне кедергі келтіреді», – деген тәртіп сақшылары қала тұрғындарын заң талаптарын бұлжытпай орындауға үндеді.

Ұлан Тәліпбай

← Барлық жаңалықтар