Мазмұнға өту
· 16 қаралым

Балалардың ойын алаңдары қауіпсіз емес…

Депутаттар ойын алаңдарындағы балалардың қауіпсіздігіне алаңдаулы. Дәлірегі, сауда орталықтарындағы олардың орналасқан аумақтары мәжілісмендердің көңілінен шықпай отыр. Мархабат Жайымбетовтың сөзінше, кішкентай ұл-қыздар асыр салып ойнайтын орындардың көбі жоғары қабаттарда орналасқан. Бетін ары қылсын, оқыс оқиға бола қалса, бұл өте қауіпті. Сондықтан олар тек бірінші қабатта салынуы керек. Депутат ұсынысының бір қырын былай деп түсіндірді.

МАРХАБАТ ЖАЙЫМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Логикаға сүйенсек, сауда орталықтарындағы ең қымбат орын – бірінші қабат. Себебі адам көп жүретін жер сол. Қабат жоғарылаған сайын жалға алу құны өзгереді. Кейбір сарапшылардың айтуынша, кинотеатрлар мен ойын алаңдары жоғарғы қабаттарға орналастырылады. Бұл келушілер ағымын көбейту мақсатында жасалса да, қауіпсіздік тұрғысынан қолайсыз. Мұндай тиімділік қауіпсіздікке қайшы. Адам көп жиналатын орындар бірінші қабатта болғаны дұрыс.

Нұрай Құрақпай

← Барлық жаңалықтар