Мазмұнға өту
· 4 қаралым

Президент кітап күнімен құттықтады

Бүгін елімізде жаппай Ұлттық кітап күні тойланып жатыр. Бұл мерекені Президент те назардан тыс қалдырмады. Қазақстандықтарды атаулы күнмен құттықтады.

Мемлекет басшысы ең алдымен кітап рухани және адами құндылықтың қайнар көзі екеніне тоқталды. Сондай-ақ жастар классикалық көркем шығармалар мен бүгінгі заманның өзекті мәселелеріне арналған туындыларды оқуға ден қойғанын атап өтті.

Кітап оқу мәдениеті қайтадан жанданғанын да айтты. Осы орайда цифрландыру және жасанды интеллектінің ықпалы зор екенін жеткізді.

Маржан Нүсіпбек

← Барлық жаңалықтар