Мазмұнға өту
· 105 қаралым

43 жастағы астаналық Меккеге жаяу кетті

Астаналық тұрғын Меккеге жаяу аттанды. Ол шамамен 8 мың шақырымды еңсеріп, жеті елдің аумағынан өтпек. 12 сәуір күні жолға шыққан 43 жастағы азамат қазіргі таңда Көкшетауға таяп қалған.

Ұзақ жолда жалғыз жолаушыға жолыққан жандардың көбі жанашырлық танытып жатыр. Бірі ас-суын ұсынып жатса, енді бірі киім-кешек әкеліп, қолдан келген көмектерін көрсетуде.

Қуат Құдайберген

← Барлық жаңалықтар