Мазмұнға өту
· 3 қаралым

Қазақстан-Бразилия бір туған

Қазақ пен бразилиялықтар бір туған. Киберспорттан әлем жұлдызы, қазақстандық Данил Голубенко жаһандағы ең танымал футболшылардың бірі Неймар Джуниормен жүздесті.

Қазір отандасымыз бразилиялық команданың атынан ойнап, көпті өз өнерімен таңғалдырып жатыр. Неймар да Данилдің шеберлігіне тәнті болып, біздің спортшының талантын атап өтіп, әлеуметтік желіде таңданысын жеткізген.

Қос жұлдыздың бір-біріне деген ілтипатын байқап, оқырмандар сурет астында «Қазақ-Бразилиялық бір туған» деп пікір қалдырып жатыр.

Нұрай Құрақпай

← Барлық жаңалықтар