Мазмұнға өту
· 4 қаралым

10 мың ерікті Аралды құтқаруға атсалысты

Соңғы 5 жылда 10 мың ерікті Аралдың құрғаған ұлтанына сексеуіл көшеттерін егуге атсалысты. Бұл туралы елордада басталған өңірлік экологиялық саммит аясындағы волонтерлік және экологиялық іс-шаралар сессиясында вице-премьер Аида Балаева мәлімдеді.

Оның айтуынша, ел азаматтарының ерікті істерге жұмылуы артып келеді. Бүгінде әрбір үшінші қазақстандық волонтерлік бастамаларға қатысып отыр. Шараға қатысушыларға Аида Балаева Мемлекет басшысының құттықтау хатын оқып берді.

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚҰТТЫҚТАУ ХАТЫНАН:

Қазақстанда эковолонтерлер қозғалысы кең қанат жайып келеді. Ортақ іске 100 мыңнан астам жасампаз әрі отаншыл азаматымыз атсалысып жүр. Елімізде озық экологиялық ойлау мәдениетін дамытатын «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы іске асырылып жатыр. Жақында жалпыхалықтық референдумда қабылданған еліміздің жаңа Конституциясында табиғатты аялау және волонтерлік қызмет қоғам дамуының негізгі ұстанымдарының бірі ретінде көрсетілді. Қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау бірлесе өсіп-өркендеуге ұмтылған аймақ елдерінің де, бүкіл халықаралық қауымдастықтың да ынтымағын арттыра түсетін қуатты факторға айналды.

Рамазан Палмағанбет

← Барлық жаңалықтар