Мазмұнға өту
· 16 қаралым

Ауаның ластануын дрондар қадағалайды

Енді Астанадағы ауаның ластануын дрондар арқылы анықтайды. Елордада өтіп жатқан экологиялық саммит аясында жас ғалымдар өз жобаларын таныстырып, көпшілікті таң қалдырды. Келушілердің назарын аударған құрылғы қоршаған ортаға тараған зиянды түтіннің нақты қай өндірістен шыққанын жедел анықтай алады. Әр елден келген қатысушылар табиғатты қорғауға бағытталған тың идеяларын ортаға салып, жаһан жұртшылығын алаңдатқан экологиялық апаттардың алдын алу жолдарын ұсынды.

НҰРСҰЛТАН МЕЙРАМБЕКҰЛЫ, ҚАТЫСУШЫ:

«Инкасат» спутнигінің негізгі үш миссиясы бар. Біріншісі — гравитациялық өлшеулер жүргізу. Екіншісі – интернет заттары технологиясын ғарышта пайдалану мүмкіндіктерін зерттеу. Үшіншісі – сенсорлы құрылғылар арқылы экологиялық мәселелерді бақылау.

Рамазан Палмағанбет

← Барлық жаңалықтар