Әлемге танымал National Geographic Kazakhstan журналының Қазақстанда жарық көре бастағанына 10 жыл толды. Осы уақыт ішінде басылым табиғатты қорғау мен ғылымды дамытуға үлес қосып жүрген жандарды кеңінен таныстырып келеді.
Биыл журнал елімізде осы бағытта еңбек етіп жүрген азаматтарды «National Geographic Qazaqstan елшісі» деген құрметті атақпен марапаттады. Олардың қатарында ым-ишара тілін жасанды интеллект арқылы сөйлете алған өнертапқыштар мен Каспийдегі итбалықтарды қорғап жүрген экологтар бар. Бұл жоба әлем бойынша қоғамға оң өзгеріс әкеліп жүрген тұлғаларды танытуды мақсат еткен National Geographic 33 бастамасымен үндес.
АЙБЫН ШАҒАЛАҚ, «NATIONAL GEOGRAPHIC KAZAKHSTAN» ЖУРНАЛЫНЫҢ ЖАУАПТЫ РЕДАКТОРЫ:
Еліміздің табиғатын қорғауға, ғылымды дамытуға, қоғамды жақсартуға атсалысып жүрген, өзінің күш-жігерін, ресурсын бағыттап жүрген адамдарды таныстыруды мақсат еттік.
Үсен Астана