Мазмұнға өту
· 20 қаралым

Онлайн казино қызметі тоқтатылды

Шымкентте заңсыз онлайн казиноның қызметі тоқтатылды. Заңсыз кәсіп жасырын түрде мобильді қосымша арқылы тәулік бойы жұмыс істеп келген. Ал жарнамасын түрлі мессенджерлер арқылы ойыншыларға жіберіп отырған. Клиентті ұстап тұру үшін ынталандыру сыйақыларымен қызықтырған. Сөйтіп, тек Қазақстан емес, Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтары да тартылған. Заңсыз айналым 557 млн теңгеден асып жығылады. Тергеу мәліметі бойынша, тінту барысында екі күдіктінің тұрғылықты жерінен есірткі де тәркіленген.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:

Ұйымдастырушылардың табысы әр ойын үстелінен алынатын 3 пайыз бен 5 пайыз арасындағы комиссия есебінен қалыптасып, тұрақты кіріс әкеліп отырған. Сонымен қатар, ойыншыларды ұстап қалу үшін оларға виртуалды қаражатты қарызға беру тәжірибесі де қолданылған. Қаржы ағымдарын жасыру мақсатында дроперлердің банк шоттары, оның ішінде шетел азаматтарының шоттары пайдаланылған. Шот бергені үшін оларға 100-ден 200 мың теңгеге дейін сыйақы төленген.

Гүлназия Мейірханқызы

← Барлық жаңалықтар