Мазмұнға өту
· 18 қаралым

Тағы бір отандасымыз есірткімен ұсталды

Тағы бір отандасымыз шет елде ірі есірткі партиясымен қолға түсті. Бұл жолы жерлесіміз Грузияда арнайы операция барысында ұсталды. Оның ізіне құзырлы органдар бірнеше ай бұрын түскен екен. Отандасымыздың жасы небәрі 18-де. Оған ірі көлемде психотропты заттарды сақтады және таратты деген айып тағылып отыр. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол 20 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ, қазақстандықтан бөлек, тәртіп сақшылары Украина азаматын да ұстаған. Жергілікті полицияның мәліметінше, өрімдей жас жігіттер Имеретия аймағында есірткіні өндіріп қана қоймай, тыйым салынған заттардың саудасын жолға қойған.

Қайыркен Отыншы

← Барлық жаңалықтар