Мазмұнға өту
· 7 қаралым

LRT-мен тегін жүруге болады

Енді LRT-мен де тегін жүруге болады. Ертеңнен бастап атаулы көлік карталарын алу үшін құжаттарды қабылдау процесі басталады. CTS компаниясының мәліметінше, жерүсті метросымен ақысыз қатынау мүмкіндігі 7 мен 18 жас аралығындағы мектеп оқушылары мен жеңілдігі бар азаматтарға беріледі. Дегенмен, карталарды тек қалада тіркеуде тұрғандар ғана ала алады. Өтінімдер transcard.kz ресми сайты арқылы онлайн қабылданады. Еске салайық, бұған дейін қала әкімдігі рельсті көлік мамыр айының басында іске қосылады деп хабарлаған еді. Жол жүру ақысы 200 теңге болып белгіленген.

Нұрай Құрақбай

← Барлық жаңалықтар