Мазмұнға өту
· 6 қаралым

Алтай мен Атырау арасын жалғаған велосапар

Қытайда туған қазақ қызы Алтай мен Атыраудың арасын велосипедпен аралауға бел буды. Бүрлен Әділет есімді бойжеткен сапарын 20 сәуір күні Маңғыстаудан бастаған еді. Жүздеген шақырымды артқа тастаған ол Атырау облысындағы Доссор кентіне аялдады. Велосаяхатшыны аудан атқамінерлері қарсы алып, елді мекеннің тарихымен таныстырды. Бүрленнің айтуынша, сапардың негізгі мақсаты – ел туризмін дамыту, Қазақстанның бай табиғатын кеңінен насихаттау.

БҮРЛЕН ӘДІЛЕТ, ВЕЛОСАЯХАТШЫ:

Атамекенімізді көріп өтсем деп, қазақ халқы қалай өмір сүріп жатқанын білгім келді. Сондықтан осындай игі сапарға шығуды ниет еттім. Осы велосапар арқылы қазақтың қауіпсіз ел екенін де көрсетіп жатырмыз. Бір аптаға жетпейтін уақыт ішінде көмек керек пе деп сұраған адамдардың саны жүзден асты. Көп-көп рақмет.

Бүрлен Әділет бұл саяхатында елдің шамамен 18 қаласын аралап шығуды жоспарлап отыр. Ал елордаға Астана күніне дейін жетуді мақсат еткен.

Бердібек Қарынбай

← Барлық жаңалықтар