Мазмұнға өту
· 25 қаралым

Жетісуда үйлердің қасбеті жаңартылып жатыр

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ

Жетісу облысында көппәтерлі тұрғын үйлерді жаңғырту жұмыстары қарқын алды. Қалалардың сән-сәулетін арттыру мақсатында баспаналарды күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылып жатыр.

Соңғы үш жылдың қорытындысы бойынша облыс көлемінде 137 нысанның шатыры жаңартылып, 51 үйдің қасбетіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

АЙДОС БЕКЕТАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Жыл соңына дейін 87 үйдің шатырын ауыстырып, 61 көпқабатты үйдің қасбетін жаңартуға ниеттіміз. Қолданылатын материалдардың бәрі – Қазақстанда шығарылатын өнімдер. Сонымен қатар жергілікті бюджеттен жыл басынан бері 5,5 млрд теңге бөлінді. Қазіргі таңда конкурстардың барлығы өтті.

← Барлық жаңалықтар