Мазмұнға өту
· 4 қаралым

Арзан дәрілердің бағасын өндірушілер реттейтін болады

 

Енді бағасы бір айлық есептік көрсеткіштен, яғни 4325 теңгеден арзан дәрілердің құнына мемлекет бұрынғыдай қатаң бақылау жасамайды. Үкімет басшысы Олжас Бектенов жауапты министрлікке 1 маусымға дейін қолжетімді препараттардың бағасын реттеуді тапсырды. Кейін бұл дәрі-дәрмектердің сомасын нарық өзі қадағалайды. Премьер-министрдің айтуынша, қойылған қатаң шектеулер өндірушілерге тиімсіз болып, арзан дәрілердің сатылымнан жоғала бастауына әсер еткен. Осылайша, Үкімет бизнеске түсетін қысымды азайтып, кәсіпкерлерден бағаны халыққа қолжетімді әрі әділ деңгейде ұстап тұруды талап етпек.

МАРИНА ДУРМАНОВА, ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмектердің төмен баға сегментін сақтап қалу үшін көтерме және бөлшек саудадағы бағаларды қосымша реттеу туралы шешім қабылдады. Қазіргі таңда рецептсіз сатылатын дәрі-дәрмектердің бағасы еркін айналымға жіберіліп, 1 шілдеге немесе мамырға дейін рецепт бойынша дәрі-дәрмектердің бағасы 1 АЕК-тен төмен болғанын көреміз. 1 АЕК-тен төмен дәрі-дәрмектер біздің нарықта сақталып қалады.

Сондай-ақ Олжас Бектенов Денсаулық сақтау министрлігіне осы жылдың 1 шілдесіне дейін «бір терезе» қағидаты бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды толық тіркеп аяқтауды тапсырды.

← Барлық жаңалықтар