Мазмұнға өту
· 7 қаралым

Статистиканы анықтау «ЖИ» еншісінде

Ел статистикасына қатысты ақпараттарды анықтау енді жасанды интеллектінің көмегімен жүзеге асады. Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика бюросы виртуалды AI-көмекшісін іске қосып, халықтың қажетті деректерге қол жеткізуін едәуір жеңілдетті.

Енді азаматтар мен кәсіпкерлер байланыс орталығында кезек күтпей-ақ, жасанды интеллект арқылы елдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін жедел анықтап, нақты мәлімет ала алады.

Қысқасы, диалог форматында жұмыс істейтін бұл цифрлық кеңесші қажетті ақпаратты лезде ұсынатын тиімді құралға айналды.

← Барлық жаңалықтар