Отан қорғаушылар күніне орай Астанада әскери қызметшілердің қатысуымен мерекелік концерт өтті. «Сегіз қырлы, бір сырлы» сарбаздар ән айтып қана қоймай, өз өнерлерін де паш етті. Құрмет қарауылы ротасының мінсіз қимыл-қозғалысы, қару-жарақты шебер айналдыруы мен ерекше үйлесімі көрерменнің таңданысын тудырды. Концертке Қазақстан Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы, Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық ұлан және Шекара қызметінің оркестрлері қатысты.
Қазақ елі алаңы алаңында өткен шара барысында әскери техника мен заманауи қару-жарақ көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ роботтандырылған жүйелер де көпшілік назарына ұсынылды.
НҰРЛАН ҚОШҚАРОВ, ҚР ҚК ҰЛТТЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ӘСКЕРИ ОРКЕСТРІНІҢ ДИРИЖЕРІ:
«Жалпы дайындық жақсы болды. Жақсы дайындалдық. Әр әскери оркестрдің өз бағдарламасы болды. Қазақ әндерінен попурри, Нұрғиса Тілендиевтің шығармаларынан попурри орындалды. Жалпы патриоттық әндер шырқалды».