Астанада тағы бір тұрғын үй кешенінен өрт шықты. Тілсіз жау Шоқан Уәлиханов көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің алтыншы қабатындағы балконнан тұтанған. Лапылдап жанған от әп-сәтте жоғарыға өршіп, тағы екі балконды шарпыған. Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, жалынның пәтерлерге таралуына жол бермеді. Ең бастысы — зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Қуат Құдайберген