Мазмұнға өту
· 17 қаралым

Тереңге құлап кеткендер құтқарылды

Алматы облысының құтқарушылары қиын жағдайға тап болған екі адамға көмек көрсетті. Оқиғаның бірі Шамалған ауылы ауылында болған. 38 жастағы ер адам су жүретін терең шұңқырға құлап кетіп, аяғын бетон басып қалған.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар ауыр бетонды арнайы құралдардың көмегімен көтеріп, азаматты аман-есен сыртқа алып шыққан.

«Тұра тұр, аяғы қысылып тұр ғой».

Ал екінші жағдай Мыңбаев ауылы маңында тіркелген. Ер адам кәріз құдығын көміп жатқан кезде аяғы тайып, терең шұңқырға құлап кеткен. Құтқарушылар арқан мен зембілді пайдаланып, қозғала алмай қалған азаматты жер бетіне шығарды. Қазір екі зардап шегуші де дәрігерлердің бақылауында.

Гүлнәзия Мейірханқызы
← Барлық жаңалықтар