Мазмұнға өту
· 10 қаралым

Президент Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы бұл күнді қоғамдық маңызы ерекше мереке деп атады. Президенттің айтуынша, қуатты армия еліміздің қауіпсіздігінің басты кепілі. Сондықтан мемлекет қорғаныс қабілетін күшейтуге және әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға әрдайым баса мән береді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев әскери антқа адал болып, мінсіз қызмет атқарып жүрген Отан қорғаушыларына ерекше алғыс айтты. Айта кетейік, бүгінде Қарулы күштер қатарында ер азаматтармен бірге нәзік жандылар да қызмет етіп жүр. Олардың көбі офицерлік шенге ие. Сондықтан бұл мереке әскери саладағы қыз-келіншектерге де ортақ.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Жаңа Конституцияда «Қазақстан Республикасын қорғау – оның әр азаматының қасиетті парызы мен міндеті» деп жазылды. Осы аса маңызды тұжырым мемлекет пен халықтың тығыз байланысын, ел тағдырына әрбір отандасымыздың жауапты екенін аңғартады. Біз Отанға қалтқысыз қызмет ету қағидатын және Конституцияда айқындалған мызғымас құндылықтарды негізге ала отырып, сан ғасырлық тарихы бар мемлекеттілігіміздің тұғырын нығайта түсеміз, биік мақсат-мұратымызға жетіп, Әділетті, Күшті, Қауіпсіз Қазақстанды құрамыз. Мен бұған кәміл сенемін.

Қайыркен Отыншы

← Барлық жаңалықтар