Мазмұнға өту
· 9 қаралым

ТМД-ны мойындатқан батыр кім?

Борис Керімбаев — есімі тек Қазақстанға емес, тұтас ТМД кеңістігіне белгілі батырлардың бірі. Халық арасында «Қара майор» атанған әскери қолбасшы бүгінде ерлік пен батылдықтың символына айналған. Ауған соғысы кезінде ол Панджшер шатқалындағы аса күрделі операцияларға қатысып, моджахедтерге қарсы шайқаста ерекше ерлік көрсеткен. Айтуларынша, оның басына бір миллион доллар сыйақы да тігілген. Батырдың құрметіне Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті жанынан әскери-патриоттық тәрбие сыныбы ашылды.

 

АЙТУҒАН КҮЗЕРБАЕВ – ҚР АУҒАНСТАН ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІ ОДАҒЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Борис Керімбаевтың портретіне қарап, өзім қазақ болып туғаныма, ержүрек батырдың ұрпағы болғаныма қуанамын. Соған бір импульс. Қазақ екеніңді сезінесің. Жастарға кәдімгідей патриоттық рух береді.

Сондай-ақ батырдың ерлігіне тағзым еткен студенттер саптық алаңда әскери ант қабылдады. Запастағы 143 лейтенант Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге серт берді.

Жақсылық Жасұланұлы
← Барлық жаңалықтар