Мазмұнға өту
· 9 қаралым

Жетісу облысында ерекше алма гүлдеді

Жетісу тұрғындары жылына бір рет болатын ерекше табиғи құбылыстың куәсі болды. Өңірде Сиверс алмасы гүлдеді. Мамандардың айтуынша, жабайы алманың бұл түрі Қазақстанда тек осы аймақта өседі. Ағаштар аппақ гүлдері мен ерекше хош иісі арқылы көпшілікті тәнті етеді.

РЫСАЛДЫ ШАРАПИЕВА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:


Бүгін мен Сиверс ағаштарының гүлденуін көру үшін Алакөлден келіп отырмын. Бұл жерде алғаш рет болуым. Маған өте қатты ұнады. Осындағы адамдардың айтуынша, бұл ағашты басқа жаққа отырғызса, гүлдемейді екен. Өте тарихи жер деуге болады. Осы аумақ туристік аймаққа айналып, өңірімізді бүкіл әлем таныса екен деймін.

Жетісу өңірінде жер бетіндегі жабайы алманың жартысына жуығы өседі. Сондықтан Сиверс алмасының гүлдеу кезеңін көруге жыл сайын мыңдаған адам келеді. Соңғы тоғыз жылдан бері Жоңғар Алатауы ұлттық паркі аумағында арнайы фестиваль ұйымдастырылып келеді. Биыл шараға жеті мыңнан астам адам жиналған. Олардың арасында Түркия, Үндістан, Ресей, Қытай, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген қонақтар да бар.

Нұрай Құрақбай

← Барлық жаңалықтар