Мазмұнға өту
· 9 қаралым

Проблемалық несиелер қорына тықыр таянды

Проблемалық кредиттерді жеке компаниялардың қолына беретін уақыт келді. Мемлекет қаржысын миллиардтап сорған тиімсіз құрылымдардың дәурені бітті. Мәжіліс депутаты Татьяна Савельева 2012 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан қорды шұғыл түрде таратуды немесе трансформациялауды талап етті.

Халық қалаулысының сөзінше, ұйым қайтарылуы тиіс қаражатты бюджетке өткізбей, өз шоттарында жинақтап келген. Жоғары аудит палатасы да мекеме жұмысына төмен баға берген. Бұған қоса, қордың бұрынғы басшысы 11,4 миллиард теңге мемлекет ақшасын жымқырды деген күдікпен ұсталғанын еске салды. Осы жағдайларды алға тартқан депутат Премьер-министр Олжас Бектеновке шұғыл сауал жолдап, ұсынысын жеткізді.

ТАТЬЯНА САВЕЛЬЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, біз Үкіметтен проблемалық несиелер қорын трансформациялау немесе тарату бойынша жол картасын бекітуді, қалдық активтерді бәсекелес ортаға немесе Қаржы министрлігінің тікелей басқаруына берудің нақты мерзімдерін белгілеуді сұраймыз.

← Барлық жаңалықтар