Мазмұнға өту
· 25 қаралым

Саммит Түркістанға не береді?

Саммит деп сабылып жатырмыз. Ол жиын өткеннен кейін не болады? Түбі бір түркі елдері басшыларының бас қосуынан соң инвестиция тартуға мол мүмкіндік ашылмақ. Жауаптылардың болжамы осындай. Әсіресе Түркістан өлкесі қайта түлеп, шетелден келген қонақтар бұл шаһарда қандай кәсіп бастауға, қандай жобаны іске асыруға болатынын көріп, түрлі ұсыныстар болады.

Ал еліміз қашанда келем деген инвестордың бетін қаққан емес, белін буып, инфрақұрылым жағынан көмектесіп, түрлі жеңілдіктер жасайды. Бауырлас елдермен бірлескен жобаларға ел тұрғындары да үрке қарамайды. Керісінше, сенім мол.

ҚАНАТ ҚАЙЫПБЕК, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл іс-шараның маңыздылығын атап өту керек, Түркістан облысында алғаш рет өтейін деп жатыр. Бұл іс-шара Түркістан облысын әлемге кеңінен таныстыруға кең мүмкіндік деп есептейміз. Инвестициялық және туристер ағыны көбейеді деп есептеп отырмыз. Бұл басқосудың нәтижесінде бірлескен көптеген жобалар іске асырылады деп жоспарлап отырмыз.

← Барлық жаңалықтар