Мазмұнға өту
· 115 қаралым

Қаңтарда ұрланған қару табылды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы аумағында аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 10 адамнан тұратын қылмыстық топты қолға түсірді. Олардан «Қаңтар оқиғасы» кезінде Жамбыл облыстық полиция департаментінен ұрланған қару-жарақтар тәркіленді. Арнайы операция барысында ұсталғандардың арасында бұрын істі болғандар мен криминалдық ортаның белді өкілдері бар екені анықталды.

ҚУАНДЫҚ АЛПЫС, ҚР ІІМ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛІ:

Күдіктілердің барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот олардың қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Құқыққа қарсы әрекеттердің қосымша эпизодтарын және өзге де қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған тергеу және жедел шаралары жалғасып жатыр.

Үсен Астана

← Барлық жаңалықтар