Мазмұнға өту
· 5 қаралым

Халық кеңесінің қызметі қандай болады?

Халық кеңесі мемлекеттік органдарды алмастыра алмайды. Оның басты міндеті — қарапайым елдің талап-тілегін билікке жеткізу. Жаңа ұйым ұтымды ұсыныстар мен ілкімді істердің басында болмақ. Ал биліктің өзге тармақтары келелі кеңес көтерген мәселемен санасуға міндетті. Конституциялық консультативтік органның құрамына этномәдени орталықтар, қоғамдық ұйымдар, мәслихаттар мен қоғамдық кеңестердің өкілдері кіреді. Олар төрт жылға бір мәрте сайланады. Ал төрағасы екі реттен артық кеңесті басқара алмайды. Еске салсақ, осыған дейін Мемлекет басшысы Қазақстан халқы ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың орнына осы ұйымды құруды тапсырған болатын.

ЕРЛАН САИРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Халық кеңесі, бірінші, құрылтайға заң жобаларын ұсына алады. Екінші, Қазақстан Республикасында референдум өткізу жөнінде бастамашы бола алады. Үшінші, Қазақстан Республикасының ішкі саясаты бойынша барлық аспектілерге өзінің ұсыныстарын бере алады.

Сондай-ақ бірлескен отырыста елорданың ерекше мәртебесі бекітілді. Қаланың сыртқы келбеті мен құрылысын бақылайтын «Сәулет-қала құрылысы кеңесі» құрылмақ. Соның нәтижесінде жарнама, ғимарат, көше безендіруі бір жүйеге келтіріледі, деді жауаптылар. Көлік, автотұрақ, экология, туризм мәселелері қайта қаралады.

← Барлық жаңалықтар