Мазмұнға өту
· 15 қаралым

Президент жануарлар туралы заңға қол қойды

Қоғамда қызу талқыланған жануарлар туралы заң көп ұзамай күшіне енеді. Құжатқа Мемлекет басшысы қол қойды. Бұдан былай бұралқы ит-мысықтарды аулау мәселесін және оларды арнайы асырайтын орталықтарда қанша уақыт ұстайтынын жергілікті билік шешеді. Айта кетерлігі, бұрын иесінің бар-жоғы чипке қарап анықталатын. Енді қарғыбау мен таңбасы да есепке алынбақ. Сондай-ақ, эвтаназия тек медициналық көрсеткіштерге әрі ветеринар дәрігердің қорытындысына қарап қана жасалады. Айта кетейін, бұл заң жобасы талқыға түскенде дәл осы эвтаназия қызу пікірталасқа арқау болған еді. Мәжіліс депутаттары «үш күн ішінде ит-мысықтардың иесі табылмаса, оларды қолдан ұйықтату керек» деген ұсыныстар айтқан. Алайда сенаторлар заңға түзетулер енгізіп, одан әрі пысықтау үшін оны Мәжіліске қайтарған еді.

← Барлық жаңалықтар