Мазмұнға өту
· 14 қаралым

Жылу қазандықтарын жаңарту үшін қаржы бөлінді

Қақаған қыста, қарлы боран мен үскірік аязда жанын қоярға жер таппай жылу жағалап кететін Ақмола тұрғындары енді үйінде қызу күтіп қамықпайды. Үкімет Көкшетау мен Степногор қалаларына 3,9 млрд теңге бөлді. Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған. Бөлінген қаржының 2,7 млрд теңгесі Степногордың жылу желісін жөндеуге, ал 1,2 млрд теңгесі Көкшетаудағы қос қазандықты жаңғыртуға жұмсалады. Нәтижесінде әбден тозған желілер жаңарып, апат қаупі азайып, жылыту маусымы тұрақты өтеді дейді жауаптылар.

← Барлық жаңалықтар