Мазмұнға өту
· 7 қаралым

Владимир Путин: Қазақстанға деген құрметіміз ерекше

Ресей Қазақстан экономикасына 30 млрд доллар инвестиция құйды. Осылайша елімізде көрші мемлекетпен бірлескен 70-ке жуық ауқымды жоба жүзеге асып жатыр. Владимир Путин Egemen Qazaqstan газетіне берген сұхбатында осылай деді. Атап айтқанда, автокөлік құрастыру, ауыр машина жасау, химия өнеркәсібі және басқа да технологиялық салаларға қатысты тың жобалар бар. Соның арқасында қазірдің өзінде 60 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Екі елдің энергетика саласындағы ынтымақтастығы да қарқынды дамып келеді.

ВЛАДИМИР ПУТИН, РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Қазақстанның әлемдік нарыққа бағытталған мұнай экспортының 80 пайыздан астамы Каспий құбыр консорциумы (КҚК), яғни Ресей аумағы арқылы өтеді. Республиканы энергиямен тұрақты қамтамасыз ету үшін «Газпром» компаниясының қатысуымен ұлттық газ тасымалдау инфрақұрылымын оңтайландыруды және кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар Ресейдің бизнес өкілдері Қазақстандағы серіктестеріне баламалы және «таза» энергетика саласына қажетті бірегей әзірлемелер мен технологияларды ұсынып отыр.

Ресейліктердің өсіп-өркендеу жолына түскен Қазақстанға деген құрметі де ерекше. Владимир Путин екі елдің барлық саладағы өзара тиімді байланыстарын бекемдей түсуге мүдделі екенін жеткізді.

← Барлық жаңалықтар