Мазмұнға өту
· 4 қаралым

Зейнетақы қорындағы қаржы өсті

Қазақстандықтардың зейнетақы қорындағы қаржы бір жылда 2,1 триллион теңгеге өсті. Бұл туралы «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» мәлімдеді. Жиналған ақшаны тиімді басқарудың нәтижесінде табыстылық деңгейі 9 пайызға жуық артқан. Сондай-ақ қарттығына қажет қаражатты жастығында жинағандардың есебінен 108,2 млрд теңгеге көбейіпті. Дегенмен долларға шаққандағы теңгенің нығаюы зейнетақы активтерінің бір бөлігіне кері әсерін беріпті. Қор мамандары да инвестициялық тиімділік қаржы құралдарының құнына байланысты өзгеріп отыратынын атап өтті. Зейнетақы активтерінің көлемі ұлғайғанымен, қор мамандары нарықтағы өзгерістердің әсері әрдайым ескерілетінін айтады.

← Барлық жаңалықтар