Мазмұнға өту
· 6 қаралым

AliExpress, Amazon мен Temu-ға тықыр таянды

Енді AliExpress, Amazon мен Temu-дан тауар алу қиындайды. Елімізде интернет арқылы сауда жасағандарға қатысты жаңа ережелер енгізіліп жатыр. Соған сәйкес, шетелдік маркетплейстерден алынатын әр затқа баж салығын төлеу міндеттеледі. Мәжіліс тиісті заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Яғни онлайн сайттардан алынған дүниенің бәрі бұдан былай қарапайым тауар болып саналмайды, электрон сауда тауары болып есептеледі. Ал бұл санат үшін өзіндік қатаң ережелер бар. Қарапайым есепке салып көрейік. Егер тапсырысыңыз 200 еуро, яғни 114 мың теңгеден аспаса, ешқандай салық төлеудің қажеті жоқ. Ал айтылған сомадан көп болса, 5 пайыздық баж салығы бұрынғыдай лимиттен асқан айырмашылықтан емес, тауардың жалпы құнынан есептеліп, төленуі тиіс. Әрине, бұл қазіргімен салыстырсаң, едәуір көп. Дегенмен, ұлттық экономика вице-министрі тұрғындарды сабырға шақыруға тырысты.

АЗАМАТ ӘМРИН, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Шектен асқан жағдайда жалпы салықтық жүктеме сәл өседі. Бірақ мен жаңа атап өткендей, тауарлардың 97 пайыздан көбінің бағасы 200 еуродан аспайды. Бұл азаматтар үшін қосымша төлемдерге әсер етпейді.

← Барлық жаңалықтар