Қайрат Нұртас, Баян Алагөзова, Төреғали Төрәлі! Осы секілді өзге өнер жұлдыздары халықты деградацияға ұшыратуда. Танымал режиссер Ермек Тұрсынов әлеуметтік желідегі парақшасында осындай пікір жариялап, елді шулатты. Оның пайымынша, бүгінгі қоғам рухани баюдың орнына, арзан шоу-бизнес өкілдерін үлгі тұтып, құрдымға кетіп барады. Режиссердің мұндай пікірге келуіне не себеп? Жалпы қоғам деградацияға ұшырап жатыр ма? Бұған қатысты халық не дейді?