Елордада есті адамның құлағына түрпідей тиетін қызметтің жаңа бір түрі пайда болды. «Бір сағаттық бөтелкелес» деген. Иә, кәдімгідей арақ-шарабын құйып, ақшасын төлеп берсең, қасында отырып, сені сағаттап тыңдай беруге дайын. Одан бөлек «бір сағаттық дос, әйел, күйеу, тіпті — ата, әже» дегендері де бар екен. Сонда мұндай қызметке кімдер ынтық? Мамандар неден қорқып отыр?