Мазмұнға өту
· 6 қаралым

Трамптың соңғы ескертуі

Енді әлемнен бірер ақпар. Трамп Иранға қарата соңғы ескертуін жасады. Ақ үй басшысы Вашингтон мен Тегеран арасындағы келіссөздер шешуші кезеңге өткенін мәлімдеді. Оның сөзінше, оқиға екі сценарий бойынша өрбиді. Не дипломатиялық келісім жасалады, я болмаса Тегеранды ауыр күндер күтіп тұр. Президент бірінші жолды таңдасаңдар өкінбейсіңдер деп қыр көрсетті. Бұған дейін АҚШ пен Иран арасында ядролық бағдарламаға қатысты келіссөздер жалғасып жатқаны хабарланған болатын.

← Барлық жаңалықтар