Мазмұнға өту
· 6 қаралым

Премьер-министр өндіріс ошақтарын аралады

Экономика тұрақты өсім көрсетуі үшін халықты отандық өніммен қамтамасыз етуіміз қажет. Премьер-министр Елордадағы заманауи өндіріс ошақтарының жұмысымен танысты. Осылайша, Үкімет басшысы Президенттің нақты секторды дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексеріп келді. Олжас Бектенов арнайы сапарда Астанадағы логистикалық орталық, медициналық бұйымдар өндіретін зауыт, нан-тоқаш, сүт және ет өнімдерін шығаратын кәсіпорындарға ат басын бұрды. Ал шаһар басшысы Жеңіс Қасымбек премьерге соңғы жылдары атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді. Әкімнің дерегінше, Елорда дамудың жоғары қарқынын сақтап, еліміздің жетекші іскерлік орталықтарының бірі ретіндегі рөлін нығайтып отыр екен.

РАУАН БЕКТЕМБЕКОВ, СҮТ ӨНДІРУ КӘСІПОРЫНЫНЫҢ БАҚЫЛАУШЫ ИНЖЕНЕРІ:

Зауыттың қуаты тәулігіне 100 тоннаға дейін сүт өңдеуге мүмкіндік береді. Кәсіпорын толықтай жабық цикл қағидаты бойынша салынған. Бұл өнім қауіпсіздігін, өндірістік процестің тұрақтылығын және халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз етеді. Зауытта әлемнің жетекші өндірушілерінің заманауи жабдықтары орнатылған.

Қайыркен Отыншы

← Барлық жаңалықтар