Мазмұнға өту
· 6 қаралым

700-ге жуық дәрінің бағасы арзандады

Доллар бағамына тәуелді дәрі-дәрмектің бағасы арзандады. Денсаулық сақтау министрлігі препараттардың құнын тұрақтандыру үшін 20 өңірде ауқымды талдау жүргізген. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, дәрі-дәрмектің 669 түрінің бағасы төмендеген. Ал жалпы препараттардың жартысына жуығы бұрынғы құнын сақтап қалған.

Қазіргі уақытта нарықта бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін мемлекет тарапынан 5 мыңға жуық дәрінің бағасы реттелген. Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар ауруларға арналған препараттар қосылған құн салығынан босатылған. Егер тұрғындар дәрінің негізсіз қымбаттағанын байқаса, жауаптылар бірден DariKZ қосымшасы арқылы шағым түсіруге шақырады. Ол үшін тауарлық чек пен дәрі қаптамасының суретін жіберу қажет.

Жақсылық Жасұланұлы

← Барлық жаңалықтар