Мазмұнға өту
· 6 қаралым

Отандық көліктер көптеп шығарылуы мүмкін

Алдағы уақытта жолдардан «Қазақстанда жасалған» деген көліктерді жиі көруіміз мүмкін. Сенат машина жасау мен авиацияны дамытуға бағытталған заңды бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттігін арттыруға, арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс тиімділігін күшейтуге және өндірістің технологиялық үдерістерін жетілдіруге бағытталған. Заң аясында өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыру кезеңінде қазақстандық тауарларды пайдалану, сондай-ақ өндірілетін өнімде отандық шикізат пен материалдарды қолдану талаптарын белгілеу көзделген.

← Барлық жаңалықтар